Қылмыс

Абылай Мырзахметовке қатысты сот отырысы басталды

"Атамекен" ҰКП-ның экс-басшысына қатысты сот отырысы басталды

Елорда сотында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты алдын ала тыңдау басталды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Атамекеннің" бұрынғы басшысы қарауылмен сотқа жеткізілді.

Мырзахметовке пара беруге итермеледі, алаяқтық жасады, алдау арқылы бөтеннің мүлкін ұрлады деген айып тағылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың мамыр айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте Абылай Мырзахметов алаяқтық жасады және кәсіпкерді өзінің туысын қылмыстық жауаптылықтан босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деген күдікпен ұсталған еді.