Сүйінші! Танымал тележүргізуші ұлды болды
Әнуарбек Жәлел әке атанды
21 қаңтар күні танымал тележүргізуші әрі журналист Әнуарбек Жәлел ұлды болды. Бұл туралы newsroom.kz тілшісі оның әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлады.
«21.01.2024 жылы дүние есігін Мұстафа Әнуарбекұлы ашты. Мақтаулардың барлығы әлемдердің Раббысы, аса мейірімді және қамқор әрі қиямет күнінің иесі Аллаһқа тән. Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) салауаттар мен сәлемдер болсын!» - деген оның жазбасына желі қолданушылары өз құттықтауларын жазуда.
«Бір ғана айтарым бар. Шын ниетпен, таза жүрекпен және бар ықыласпен АллаҺ Тағаладан не сұрасаңыз сол болады. Өткен жылы осы уақытта Умра сапарында болып, қасиетті мекенде қатты тілеген дұға-тілектерім орындалды. Шүкірден басқа айтарым жоқ. Дариғам өзімнен аумайтын ұл туып берді» - деп жазған Әнуарбек Жәлел Ұлытау облысының тумасы.
Әр жылдары «31», «Алматы» арналарында қызмет еткен.