Жаңалықтар

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Шымбұлақтың кімге тиесілі екенін жасырып қалды

"Қазақтуризм" ұлттық компаниясын қаржыландыру, дәретхана тапшылығы және тағы басқа өзекті тақырыптарды талқыланды

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев  Қазақстандағы туризм саласының артықшылығымен, кемшілігін айтты,-деп хабарлайды newsroom.kz сайты ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Ол бұл саланың жілігін шағып, майын ішкен бас кураторы. Қай жерде қандай олқылықтар бар және немен мақтан тұтуға болатынын біледі. Сондай-ақ, сұхбат барысында ұлттық бизнестің рөлін, "Қазақтуризм" ұлттық компаниясын қаржыландыру, дәретхана тапшылығы және тағы басқа өзекті тақырыптар талқыланды.

Сұхбат барысында журналист Шымбұлақтың кімге тиесілі екенін бірнеше рет сұрады. 

 -Шымбұлақ  жеке-меншік бизнес және  комерциялық құпия. Кімге тиесілі екенін айта алмаймын. Шымбұлақтан жылына 4 млрд қаражат түседі,-деді Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.