Жаңалықтар

Германияда нәсілшілдік пен оңшыл көңіл-күйге қарсы жаппай наразылық орын алыпты

Полицияның бағалауы бойынша наразылық білдірушілердің саны 50 мың адамды құрады.

Германияда партияның нео-нацистермен байланысы туралы репортаждар жарияланғаннан кейін оңшылдар қозғалысына және Германияға балама (ADH) партиясына наразылық акциялары өтті, деп хабарлайды Newsroom.kz. 

"BBC арнасы" жазғандай, демонстрациялар елдің ондаған қалаларында, соның ішінде Берлин, Потсдам, Кельн, Майндағы Франкфурт және Гамбургте өтті. 

Бұл ретте аталған қалаларда халық көп жиналған. Полицияның бағалауы бойынша наразылық білдірушілердің саны 50 мың адамды құрады.

Партия төңірегіндегі жанжал Corrective басылымы оңшыл экстремистер мен нео-нацистердің құпия кездесуі туралы тергеу жариялаған кезде басталды. Іс-шараға "Германияға балама"партиясының жоғары дәрежелі мүшелері қатысқаны белгілі болды. Жиналғандар нацистік саясатқа сәйкес идеяларды айтты. Оның ішінде елден миллиондаған адамдарды, соның ішінде мигранттар мен "ассимиляцияланбаған азаматтарды" депортациялауды көздейтін "ремиграция"жобасы.