Димаш Құдайберген әлемдік опера жұлдызымен дуэт шырқады

Димаш Құдайберген мен испаниялық опера әншісі Пласидо Доминго конкурстан соң дуэт болып өнер көрсетті

Фото: Youtube видеодан скрин

Қазақстандық дарын Димаш Құдайбергеннің Будапешт сахнасында әлемдік опера жұлдызы испаниялық Пласидо Домингомен бірге ән шырқады, деп хабарлайды Newsroom.kz

Қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген мен испаниялық опера әншісі Пласидо Доминго конкурстан соң дуэт болып өнер көрсетті. Дуэт Жорж Бизенің 1863 жылғы «The pearl Fishers» операсын орындады. Концерт 2023 жылғы 10 желтоқсан күні Будапештте Ференц Лист атындағы Музыкалық академияда өткен болатын. Ал оның премьерасы 19 қаңтар күні Virtuosos YouTubeарнасында өтті.  Ақтық кезеңнің екінші бөлігі 26 қаңтарға жоспарланған. 

«Будапештте өтіп жатқан байқауда Пласидо атамызбен Жорж Бизенің «Pearl fishers» операсынан Надир мен Зурганың ариясын орындадық», – деп жазды Димаш Құдайберген.

Жүктелуде...