Қазақстандық конькимен зырғанаушылар АҚШ турнирінде күміс алды
Жарысқа сегіз елден барлығы 76 спортшы қатысуда
Солт-Лейк-Ситиде коньки тебуден төрт құрлықтың халықаралық турнирі өтті,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Қазақстан құрамасы атынан Евгений Кошкин, Никита Важенин, Алтай Жардамбекұлы және Артур Ғалиев өнер көрсетті. Біздің команда командалық спринтте екінші орынға ие болды. Канадалықтар бірінші болды. Үшіншісі-Оңтүстік Корея өкілдері.
Жарысқа сегіз елден барлығы 76 спортшы қатысуда, деп хабарлайды ҚР спорт министрлігі.