Құтты болсын! Ninety one тобының мүшесі үйленіпті
Жанкүйерлері екі жасқа бақыт тілеп, құттықтауларын жолдады.
Ninety one тобының мүшесі өздерінің менеджері Вероника Жанғаловамен заңды некеге тұрды. Әдемі жаңалықты әнші Instagram-дағы парақшасында жариялады,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Батырхан Маликов Бақытты болыңдар, балаларым. Қуаныштымын!", - деп топ мүшесі видеосының сипаттамасына анасының сөзін жазып қойған.
Жанкүйерлері екі жасқа бақыт тілеп, құттықтауларын жолдады. "Екеуіне қарап әлемде махаббат бар екеніңе сенесің", "Махаббаттарыңыз мәңгі және мәнді болсын", "Бұл күнді қанша күттік. Құтты болсын!", - деп жақсы тілектерін жаудырды. Сонымен қатар, 91 тобының мүшесі Alem таңдаған аруы Вероника Жанғалова да өзінің Instagram-дағы парақшасында ресми түрде ерлі-зайыпты болғанын жария етті.