Жаңалықтар

Тұман, қар, көктайғақ: 20 қаңтарда ауа райы қандай болады?

20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның бірнеше облысына ескерту жасады,-деп хабарлайды newsroom.kz.

Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде тұман.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қар мол жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 17-22 м/с. 

Алматыда кей уақытта қатты қар, тұман түседі.

Астанада түнде және таңертен тұман.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында 15-20, екпіні 23 секундына метрге жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, шығысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні - 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Павлодар облысында оңтүстігінде, шығысында тұман.

Түркістан облысының тау асуларында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында екпіні 15-20 м/с болады.

Шымкентте кей уақытта тұман.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.