Қаржы

Доллар өсіп жатыр: 18 қаңтардағы валюта бағамы

Бүгінгі валюта бағамы қандай?

Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы айырбастау орталықтарындағы ресми валюта бағамы жарияланды,,- деп хабарлайды newsroom.kz.

ҚР Ұлттық банкінің ресми мәліметі бойынша, доллар бағамы – 452,95 теңге, еуро – 492,67 теңге, рубль – 5,13 теңге.

Астанадағы айырбастау пункттеріндегі долларды сатып алудың орташа бағамы 453 теңге, сату бағамы 456 теңге болса, еуроны орташа сатып алу бағамы 492,5 теңге, сату бағамы 496,5 теңге.

Ал, Астанадағы айырбастау орындарында рубльді орташа сатып алу бағамы 5 теңге, сату бағамы 5,1 теңгені құрайды.

Алматыдағы айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 452,5 теңге, сату бағамы 454,7 теңге, ал еуроны орташа сатып алу бағамы 493 теңге, сату бағамы 496,5 теңге.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде рубльді сатып алудың орташа бағамы 5,01 теңге, сату бағамы 5,15 теңге.

Шымкентте ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 452,5 теңге, сату бағамы 454,5 теңге.

Шымкенттегі айырбастау орындарында еуроны орташа сатып алу бағамы 492 теңге, сату бағамы 497 теңге және рубльді орташа сатып алу бағамы 5 теңге, сату бағамы 5,1 теңге.