Павлодарда 13 сағат бойы жер астында қалған екі азамат тірі болуы мүмкін
"Майқайың-алтын" кенішінде жер астына түсіп кеткен автобустағы екі адам іздестірілуде
Павлодар облысындағы "Майқайың-алтын" кенішінде жер астына түсіп кеткен автобустағы екі адамның туыстары олар әлі де тірі болуы мүмкін деген сенімде, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Десе де екі аптадан бері табылмаған екі азаматтың аман қалуы ықтимал дейді Бауыржан Сыздықов. Ол дәл осындай ғажап оқиға шет мемлекеттердің бірінде болғанын айтады.
"Ондай да жақсы болжам бар, бірақ нақты уақытын дөп басып айта алмаймыз. Өйткені жағдай өте күрделі. Автобустың қай жерде жатқаны анықталғанымен, оған жету оңай болмай жатыр. Арнайы құрылғы автобусты көрсеткенімен, оның астында бос кеңістік болуы мүмкін. Құтқарушылардың өміріне де қауіпті", - деді Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов.