Жаңалықтар

Ақтөбеде қызылша дертін жұқтырған бес бала жансақтау бөлімінде

Ақтөбеде қызылша дертін жұқтырған бес айдан бір жарым жасқа дейінгі балалар ауыр жағдайда.

Ақтөбе қаласында бес айдан бір жарым жасқа дейінгі балалар ауыр жағдайда,-деп хабарлайды Newsroom.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, кішкентай науқастар бұрын қызылшаға қарсы екпе салдырмаған.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысы бойынша қызылша ауруына шалдыққан адамдарды емдеу үшін 327 кереует дайындалды. Оның 200-ден астамы балаларға арналды. Ал Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталығының оңалту бөлімінде 215 кереует ашылды. Аудандарда 101 кереует әзірленді. Қазіргі кезде облыста 145 адам ауруханада жатып, ем қабылдауда. 

Бүгінгі таңда ведомствоның мәліметінше, өңірдегі стационарларда қызылшамен ауыратын 145 адам бар. Оның ішінде-16 ересек адам, қалғандары-балалар. Аймақтағы балаларды вакцинациялау 60% - дан сәл асады.

-Барлық баланың жағдайы ауыр. Тыныс алу жолдары зақымданған. Ем-домның арқасында беті бері қарап келеді,- деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рүстем Исаев.