Атырауда өзін өртемек болған ер адам қайтыс болды
Атырау облысы Доссор ауылында өзін өртеген1961 ж.т ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Newsroom.kz
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлім етуінше, өзін өртемек болған тұрғын 17 қаңтар күні таңғы сағат 04:30 шамасында облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде есін жимай қайтыс болды. Айта кетейік, бұл оқиға 13 қаңтарда күндіз болған. Мақат аудандық полиция бөліміне сағат 16:55 шамасында Доссор ауылының Б.Аймағамбетов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде ер азаматтың өзін өртеп жібергені туралы ақпарат түскен.