Қытайда екі жыл қатарынан халық саны не себепті азайды
2023 жылы қытай халқының саны 1,409 миллиардқа дейін азайды
Қытайда екінші жыл қатарынан халық санының азаюы тіркелді, деп хабарлайды Newsroom.kz Қытайдың ұлттық статистика бюросының сайтына сілтеме жасай отырып.
Статистикаға сәйкес, 2023 жылы қытай халқының саны 1,409 миллиардқа дейін азайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 2,08 миллион адамға аз.
Үндістан халқымен салыстырғанда Үнділіктердің халық саны 1,425 миллиард адамды құрайды.
Ал қытайлықтардың қазіргі уақытта туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 6,39 - ға дейін төмендеген. Бұл 1949 жылы коммунистік Қытай құрылғаннан бергі ең төменгі көрсеткіш.
2023 жылы Қытайда шамамен 9,02 миллион бала дүниеге келген, 2022 жылы 9,56 миллион бала жарық дүниенің есігін ашқан болатын. Жалпы көрсеткіш Шығыс Азияның басқа дамыған елдерімен бір деңгейде, мысалы, Жапонияда туу көрсеткіші 6,3, ал Оңтүстік Кореяда - 4,9.
Ұзақ мерзімді перспективада БҰҰ сарапшылары Қытайдың халқы 2050 жылға қарай 109 миллионға азаяды деп болжайды, бұл олардың 2019 жылғы болжамынан 3 есе көп екендігінің көрсеткіші.
Бұған дейін ҚХР ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының халық және отбасы мәселелері бөлімінің басшысы Ян Вэнчжуан қытай халқының өсуі айтарлықтай баяулағанын және олардың саны 2025 жылға дейін азая бастайтынын айтты.