Жаңалықтар

Бұрқасын, көктайғақ, тұман: 17 қаңтарда ауа райы қандай болады?

17 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК еліміздің 11 өңірінде қолайсыз ауа райы болатынын ескертті, - деп хабарлайды newsroom.kz.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында екпіні 15-20 м/с болады.

Шымкентте түнде және таңертең кей уақытта тұман түседі. 

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ болады.

Алматыда кей уақытта тұман, көктайғақ. 

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз оңтүстігінде көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні - 15-20 м/с. 

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының түнде батысында, күндіз басым бөлігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні - 15-20 м/с.