Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтамаған бірнеше нысан жабылды.
Бұл туралы NewsRoom+ тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімдіктің мәліметінше, 21-26 мамыр аралығында 150 кәсіпорын тексерілді. Санитарлық нормаларды бұзған 12 нысан жабылды, олар дәмхана, мейрамхана, бар, азық-түлік дүкені, спа-салон және тағы басқа бірқатар нысанға айыппұл салынды.
"Санитар дәрігердің қаулысымен COVID-19 індеті толықтай жойылмайынша түнгі клуб, фитнес клуб, жаттығу залдары, спа салондар, массаж кабинеттері, косметологиялық орталықтар, клиникалар, орталықтар және т.б. жұмысына тыйым салынды. Бұған дейін санитарлық талаптарды бұзған 26 нысан жабылды. Оның ішінде құрылыс комапниялары, дүкендер, дәмханалар мен мейрамханалар бар. Бұл нысандар санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етпейінше жабық болады. 150 кәсіпорын ескерту алды. Мұндай қатаң шаралар коронавирустың талауына жол бермеу үшін қабылданды", - дейді әкімдіктегілер.