Жаңалықтар

Бельгиялық әйел қазақ баласын сатып алған ба?

Бельгиялық әйел қазақ баласын асырап алу үшін қомақты ақша берген екен

Қымбат Досжан анасын іздеген бельгиялық қазақ баласына қатысты тың дерекпен бөлісті,-деп хабарлайды newsroom.kz.

Журналистің айтуынша, Эдди Жан Севальевті асырап алған бельгиялық әйел Қазақстанға келмей тұрып Жәнібек Жұмағұловтың суреті мен жеке мәліметін электронды пошта арқылы алған.

"Одан бөлек асырап алған адам Арқалыққа келген соң бір кісіге қомақты қаржы бергенін де айтты. Осы оқиғаны зерттеу барысында Арқалық қаласының Балалар үйінен 2000-2004 жылдары аралығында сексеннен астам баланы шетелдіктер асырап алғаны мәлім болды. Осы жайттарды ескеріп және біздегі зерттеу қорытындыларын ала отырып Арқалық қалалық полициясы басқармасында қозғалып, кейін тоқтап қалған істі тек салғырттық бабы бойынша емес, кәмелетке толмағандар саудасы бойынша қайта сұрап, еліміздің Бас прокурорына хат жолдадық", – деді Қ. Досжан.