Аймақтар

Түркістандық азамат шетелде 10 адамды ажалдан арашалапты

Әлиақбар Юлдашев Есіңізде Ме? Қазақстандық 2020 жылы өрт кезінде 10 адамды құтқарып, Оңтүстік Кореяда батыр атанды.

Әлиақбар Юлдашев Есіңізде Ме? Қазақстандық 2020 жылы өрт кезінде 10 адамды құтқарып, Оңтүстік Кореяда батыр атанды. Біз оның өмірінің осы 4 жылда қалай өзгергенін білуді шештік-деп хабарлайды newsroom.kz  
"Осы 4 жыл ішінде өмірім жақсыда жаман жаққа өзгерді деп айта алмаймын. Өйткені мен отбасын Кореяға көшіре алмадым. Олардың жағдайлары виза бойынша тым ауыр.  "Менің Кореяға келуімнің себебі - көп жұмыс және жақсы жалақы. Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды, достарыңызды қатты сағынасыз, көп нәрсе жетіспейді"-деді ол өз сөзінде.
Сондай-ақ, отандасымыз Оңтүстік Кореяда өрт сөндіруші болу туралы ұсынысты қабылдамады, себебі ол үшін Қазақстан азаматтығынан бас тарту қажет болған.
-"Мен 100 пайыз өкінбеймін деп айта аламын. Бірақ кейбір отандастарымыз: "сен ақымақсың, келісу керек еді дегендер көп болды. Алайда "Мен өз бизнесімді ашу туралы ойланамын. Бай болу үшін емес, өмір сүру үшін жеткілікті. Бірақ мұнда ешкім мәңгі қалғысы келмейді.  Өз елің-алтын бесігің,-деді Әлиақбар Юлдашев.