"Қонаев қателесті" - ҰҚК-нің экс-төрағасы Амангелді Шардарбаев

ҰҚК-нің экс төрағасы Қонаевтың қателігін айтты

коллаж: newsroom

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы, генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев "Talklike" жобасына берген сұхбатында Дінмұхаммед Қонаев ізбасар таңдағанда қателескенін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.

"Дінмұхаммед Қонаев Назарбаевты баласындай көріп, екі-үш адамның ішінен таңдады. Бірақ ашық айтпады. Президент болуға бар жағдайын жасап берді. Демек қателігі болды. Басқа адам болуы керек еді. Адамгершілікке келген кезде Дінмұхаммед Ахмедұлы қателесті. Қонаевтың кінәсі жоқ деп айтайыншы.

Өз сөзінде Шабдарбаев Назарбаев болса, ізбасар таңдауда дұрыс шешім жасағанын айтты.

"Ал енді мына жерде Назарбаев Тоқаевты таңдады, дұрыс таңдады. Мен Назарбаев Тоқаевтан сен маған сөз бер деп айтты деп ойлаймын. Менің айтқанымды жүргіз деп айтты деп ойлаймын. Ана кісі жүргіземін, көнемін деді. Ал енді сол антында тұрмауға болады. Себебі, қаңтар оқиғасы болды",- деді Шабдарбаев.

Жүктелуде...