Қылмыс

36 мың теңгеге бола! Павлодарда күйеуі әйелін қатігездікпен өлтірген

Павлодар облысының соты азаматтық некедегі әйелін қатыгездікпен өлтірген ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Сот мәліметінше, 2022 жылғы 31 Қазанда Тереңкөл ауылындағы пәтерде ер адам мен оның азаматтық некедегі жары арасында көмір сатып алуға қалдырған 36 мың теңгені жұмсағаны үшін жанжал туындаған.

Жанжал кезінде күйеуі әйелін бірнеше мәрте кеуде тұсынан жұдырықтап, мерт еткен. Ертесіне қылмысты жасыру үшін мәйітті Ертіс өзеніне лақтырып жіберген көрінеді.

Істің мән-жайын және сотталған адамның жеке басын ескере отырып, сот оған 11 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.