Өскемендегі оқиға: спортшыны әйелін қызғанып атып кеткен
Белгілі спортшы қаза тапты
27 жастағы боксшы Эльер Юнусметовтың өз үйінің жанында белгісіз ер адам басына екі рет оқ жаудырды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы orda.kz-ке сілтеме жасап.
Қылмыс Қазақстан 98 көшесіндегі үйдің тұсында орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалғаны анықталды. Бұл оқиға 13 қаңтарда орын алған. Шабуылшы басына екі рет оқ атқаннан кейін қашып кетті. Марқұмды қаланың қақ ортасынан өтіп бара жатқан адамдар көріп, полиция шақырды.
Белгілі болғандай, 34 жастағы спортшы Эльер Юнусметов қайтыс болды. Күдікті қысқа мерзімде ұсталып, 27 жастағы ер адам әйеліне қызғанышпен спортшыны атып тастағанын мойындады.
ШҚО тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.