Жаңалықтар

Жетісуда депутатты өлтіріп кетті

Жетісуда аудандық мәслихат депутатын өлітіріп кеткен

15 қаңтарда Жетісу облысы Үшарал қаласында Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямовты қатігездікпен өлтірген денесі табылды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Құқық қорғау органдарына жақын дереккөздің хабарлауынша, 34 жастағы ер адамның денесінде көптеген пышақ жарақаттары салынғаны анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Дәурен Ислямов ауданның индустриялық-инновациялық және энергетикалық инфрақұрылымын дамыту, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және байланыс, экология мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі.

Сондай-ақ, Қазақстан Халық партиясының өкілі. 
Ол өскен отбасы - ауданда ауылшаруашылық өндірушілері мен меценаттары ретінде танымал.