Жаңалықтар

Маңғыстау облысының шекарасы өзгертіліпті

"Маңғыстау облысының шекарасын өзгерту туралы"  Үкіметтің 2024 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысына қол қойылды, деп хабарлайды newsroom.kz.

"Маңғыстау облысының шекарасы мен Каспий теңізі акваториясының бастапқы сызығы арасындағы жалпы алаңы 721 940,2365 гектар жерді облыс аумағына қосу арқылы Маңғыстау облысының шекарасы өзгертілсін", - делінген құжатта.

Маңғыстау облысының әкімдігіне тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

Маңғыстау облысындағы аумақтық сулар (теңіз) ені бойынша облыс шекарасынан бастап эталон сызығына дейінгі аумақ, оның ішінде:

Қаулы 2024 жылдың 23 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін "G4 City" АЭА атауы "Алатау" болып өзгертіліп, аумағы кеңейтілгенін хабарлаған болатынбыз.