Азат Азаматовтың көршісі: Иә, ол полицияда істейді, формасы бар

Азат Азаматовтың көршісі: Иә, ол полицияда істейді, формасы бар

ашық дереккөзі

Блок-бекетті бұзып өтіп, екі адамның өмірін қиған автокөліктің жүргізушісі де полиция қызметкері екендігі анықталды. Әуел баста бұл ақпаратты полиция департаменті растамаған болатын. Енді опат болған тәртіп сақшысының жұбайы әділ соттың өтуін сұрайды. Тіпті, жұмысқа кетер алдында ішетін тамағына дейін әзірлеп бергенін жеткізді. Ал БМВ тізгінінде болған Азат Азаматовтың көршісі оның полицияда қызмет атқарғанын, қызметтік көлікпен келіп жүргенін айтады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Блок бекетте болған жол апаты дүйім жұртты елең еткізгені белгілі. Әлеуметтік желі қолданушыларының кейбірі қос қызметкердің қайғысына ортақтасса, енді бірі мас күйінде темір тұлпар тізгіндеген жүргізушінің кім екендігін анықтауға талпынды. Көпшілік бұл азаматтың да құзырлы органнан екендігін айтып бір шулады. Бірақ, Полиция департаментіндегілер ақпараттың жалған екендігін хабарлаған болатын. Алайда, марқұмның жұбайы апатқа кінәлі азаматты танитынын айтып, соттың әділ өтуін сұрады. "Жүргізуші полицияда жұмыс істемейді деген өтірік. Ол менің күйеуіммен бірге түнгі ауысымға шығып жүрді. Мен оларға түнге тамақ дайындап беретінмін. Күйеуімнің әріптестерін танимын. Тек шындықты айтыңыздаршы, өтінемін! Қылмыскерлерді жасырмаңыздар!". ДАСТАН ӘБДІҚАНОВТЫҢ ЖҰБАЙЫ ДИНАРА ӘБДІҚАНОВАНЫҢ ZTB ПОРТАЛЫНА БЕРГЕН СҰХБАТЫНАН Иә, күрделі мәселеге әркім өз бетінше зерттеу жасап, ақ қарасын ашуға кірісті. Әлеуметтік желіде араққа сылқия тойып алып, көлікке отырған қызметкер тәртіп сақшыларының киімімен түскен суреттері, қаулысы шыға келді. Тіпті, әкесінің де осы уақытқа дейін пагон тағып, қызметте жүргенін айтып жатты. Бүгін қалалық Полиция департаменттің басшысы Қанат Таймерденов бұл азаматтың 6 жылға жуық қызметте болғандығын хабарлады. Тіпті, жұмыс кезінде міндеттерін дұрыс орындамаған үшін төрт рет сөгіс алып қызметтен қуылғанын жеткізді. "Блокбекетте болған жағдайдан бірден екі полицей қаза тапты. Бірақ, ең өкініштісі, полицейлерді қаққан жүргізуші осыған дейін полицияда 6 жыл жұмыс істеген. Қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін төрт рет тәртіптік жазаға тартылған. Осыған байланысты ішкі істер органдарындағы қызметінен қуылған. Заңды бұза отырып, оған ауыр жаза қарастырылғанын біле тұрып, мас күйде рөлге отырып, қылмыс жасады". ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ҚАНАТ ТӘЙМЕРДЕНОВ Ал БМВ автөлігін тізгіндеп, блок бекетті бұзып өтпек болған Азат Азаматов  Алатау ауданындағы үйіне барып туыстарынан жауап ала алмадық. Ал көршісі оның осы уақытқа дейін полицияда қызмет атқарғанын, үйіне формамен және қызметтік көлікпен келіп жүргенін жеткізді. Бірақ мұндай әрекетке не түткі болғанынан бейхабар. НАРТАЙ МАХАНОВ , КӨРШІСІ: «Азат иә, полицияда істейді. Формасы бар. Енді кешеге дейін көрем жаңағы полицейский формасымен бәрі бар. Мәшинесі бар астында полцейский». Дастан Абдыхановтың денесін туыстары бүгін жер қойнына тапсырды. Қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан полицейлер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен "Айбын" орденімен марапатталды. БЕКЖАН ТҰРЫС, АКТЕР: «Ажал төбелеп келсе, кәрілік төтелеп келсе, жастікі дейді төтесінен келген ажал болды. Моладан алыс жүргенмен, ажалдан ешкім алыс емес, жазу солай болған шығар. Қазір сол қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысына кеткені үшін медаль табыстап жатыр. Енді ол өтіп кеткен керек пе жаңадан өмірге келген нәресте кейін менің әкем осындай болған деп қуана айтар. Сол үшін де керек шығар деп ойлаймын». Қазір блокпостағы көлік апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынған. Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша іс қозғалды. Егер күдіктінің қылмысы дәлелденсе 20 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Дереккөз: Еуразия арнасынан

Жүктелуде...