Нұрлан Имам Алтынай Жорабаеваның қызына азан шақырып, есім қойды
Алтынай Жорабаеваның қызына азан шақырып есім қойылды
Белгілі әнші Алтынай Жорабаева жақында бесінші сәбиін өмірге әкелді. Әнші қызына Нұрлан имамның азан шақырып, есім қойғанын айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.
«Нұрлан ұстаз азан шақырып, Аминамыздың атын қойды. Нұрлан имам жетінші күн дегенде «Зерек болсын» деп қызымыздың шашын қиды. 40 күннен кейін қазақтың салт-дәстүрі бойынша шашын толық аламыз», — деп жазды Алтынай Жорабаева.
Айта кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаеваның бесінші перзентін дүниеге әкелгенін хабарлаған едік. Өнер иесі кенже қызына Әмина есімін қойды.