Атырау облысында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді
Оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Атырау облысы Доссор кентінде 63 жастағы ер адам жанұядағы жанжалдан кейін өз-өзін өртеп жіберген. Полицияның мәліметінше, қазір 105-бап ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды newsroom.kz.
Ер адам 13 қаңтар күні сағат 16:45 шамасында өзін өртеп жіберген.
Атырау облыстық полиция департаменті Мақат аудандық полиция бөлімінің 102 арнасына Доссор ауылындағы тұрғын үйлердің бірінің жанында 1961 жылы туған аудан тұрғынының өзін-өзі өртеп жібергені туралы хабарлама түскенін хабарлады.
"Осы хабарлама бойынша бұл азаматтың денесінің 70 пайызын күйік шалып, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілгені анықталды", - делінген хабарламада.