Акулалар қашан? Тойға түйемен шығу сәнге айналды

Тойға түйемен шыққан видео тарады

Скриншот: әлеуметтік желіден

Журналист Дамир Аспан әлеуметтік желісіне түйемен өткізген дүбірлі тойдың үзіндісін жүктеді,-деп хабарлайды newsroom.kz.

Видеодан ойсылқараны екінші қабаттан сүйреп түсіріп келе жатқанын көруге болады.

"Қазақтың тоқшылық күні мен тойы бітпесін. Бірақ, кейде сол ковид кезіндегі шектеуді енгізбесе болмайтын секілді. Мынау не енді?"- деп жазды журналист.

Айта кету керек, бұдан бір жыл бұрында түйе жануарын тойға сүйреп кіргізген видео желіде қызу талқыға салынған еді. Әлеуметтік желіден түйені жетектеген ер адам оны той өтіп жатқан мейрамханаға күштеп кіргізуге тырысып жатқанын оқырман қауым сынға алған еді.

 

Жүктелуде...