Рүстем Әли жаңа қызметке тағайындалды
Рустам Әли Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы «Деловая неделя» газетінде тілші болып бастаған.
2006-2011 жылдары – «Деловая неделя» газетінде тілші, редактор, бас редактордың орынбасары.
2011-2012 жылдары – «Жетісу жастары» жастар орталығы» МКҚК директоры.
2012 жылы – Алматы облысы жастар саясаты орталығының директоры.
2012 жылы – Алматы облысы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі.
2012-2016 жылдары – Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы, басшысы.
2016-2020 жылдары Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2020-2021 жылдары – Алматы облысы әкімінің орынбасары.
2021-2022 жылдары – Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі.
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Жетісу облысы әкімінің орынбасары.