Алтынай Жорабаева бесінші сәбиіне ерекше есім берді
Әнші Алтынай Жорабаева бесінші сәбиіне ерекше есім қойды
Белгілі әнші Алтынай Жорабаева бесінші қызына ерекше есім берді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Амина Алишерқызы. Қош келдің, ботам. Бес қызым - бес бармағым. Барлық мақтаулар мен мадақтар, тек бір Аллаға тән. Қымбатты тілекшілерім. Сіздердің: “ Аман-есен жаның қалсын” деген тілектеріңіздің маған қандай демеу болғанын білсеңіздер ғой. Босанып жатқан әйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көрде дегендей, өмір мен өліммен арпалысып , сәбиді дүниеге әкелу - үлкен жеңіс, - деп жазды әнші.
Сондай-ақ, әнші тілеулес болған барлық оқырманына алғысын жаудырды.