Белгілі әнші Алтынай Жорабаева бесінші қызына ерекше есім берді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Амина Алишерқызы. Қош келдің, ботам. Бес қызым - бес бармағым. Барлық мақтаулар мен мадақтар, тек бір Аллаға тән. Қымбатты тілекшілерім. Сіздердің: “ Аман-есен жаның қалсын” деген тілектеріңіздің маған қандай демеу болғанын білсеңіздер ғой. Босанып жатқан әйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көрде дегендей, өмір мен өліммен арпалысып , сәбиді дүниеге әкелу - үлкен жеңіс, - деп жазды әнші.
Сондай-ақ, әнші тілеулес болған барлық оқырманына алғысын жаудырды.