Жаңа жылды 100 жасқа толған ардагермен қарсы алған қай облыстың әкімі?
Ақтөбе облысының әкімдігі жаңа жылды қалай қарсы алды?
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында newsroom.kz порталы министрліктерге сұраухат жолдап, ведомстволар мен әкімдіктердің жаңа жылға жоспарын сұраған еді.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында билік органдары мен халық арасындағы «алтын көпір» e-otinish.kz қосымшасы арқылы жолдаған сұраухатымызға Ақтөбе облысы әкімдігінің берген жауабын назарларыңызға ұсынамыз.
Ақтөбе облысы әкімі қызметкерлеріне мерекелік шара өтті ме деген сауалымызға: "корпоративтік шаралар өтпеді" деген жауап алдық.
Сондай-ақ облыс әкімі аппаратында жаңа жыл қарсаңында қызметкерлерге сыйлықақы - мекеменің үнемделген қаражаты есебінен беріліпті.
Ақтөбе облысы әкімі жаңа жылды қайда қарсы алды деген сауалымызға: "Облыс әкімі жаңа жылды облыс тұрғындарымен бірге Ақтөбе қаласының орталық алаңында қарсы алды. Бұдан бөлек, 1 қаңтарда өңір басшысы облыста тұратын жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері, Хромтау қаласының тұрғыны Василий Грецкойді 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.",-деген жауап алдық.
Ал, аз қамтылған отбасылар мен жетім балаларға әкімдік шырша кешін өткізе ме деген сауалымызға: "Қазақстан Республикасының Президенті атынан өткізілген шыршаға жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек, аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан үздік оқитын 9-13 жас аралығындағы оқушылар қатыстырылды"- деп жауап берді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар осы жылдың өзгерістеріне сәйкес төтенше жағдайға ұшыраған отбасы балаларына да шырша кеші өтіпті. Ақтөбе облысы бойынша 200 бала ҚР Президенті атынан өтетін шыршаға қатыстырылыпты.
Ал облыс орталығындағы шыршаға бюджет тарапынан қаражат бөлінбепті.
Қалалық әкімдік қоймада сақталған өткен жылғы шыршаларды қаланың 4 учаскесіне орналастырған екен.