Жаңалықтар

Қазақстан халқы Қаңтар құрбандарын еске алды

5 қаңтарда Қазақстан қалаларында жұрт қала орталықтарына жиналып, Қаңтарда оққа ұшқан марқұмдарды еске алып, Құран бағыштады,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы azattyq-қа сілтеме жасап.

Алматыда жұрттың біраз бөлігі Қаңтар құрбандарына арналған "Тағзым" мемориалына келіп, Қаңтар құрбандарының тізімі жазылған бірнеше плакат, марқұмдардың суреттері мен гүл шоқтарын қойды. Бұған дейін марқұмдардың туыстары ескерткіште Қаңтарда қаза болған 238 адамның аты-жөні жазылмағанына наразылық білдірген.