Ақтөбеде тұрғынды бопсалаған күдікті ұсталды
Ақтөбеде полиция мен ҰҚК тұрғынды бопсалаған күдіктіні ұстады
Ақтөбеде полиция мен ҰҚК бопсалаушыны ұстады, - деп хабарлайды newsroom.kz.
Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі деструктивті діни ағым жақтаушысы ұсталған видеоны ұсынды.
"2023 жылғы желтоқсанның аяғында Ақтөбеде Полиция департаменті ҰҚКД-мен бірлесіп, жергілікті тұрғыннан қомақты ақша қаражатын бопсалауға күдікті деструктивті діни ағым жақтаушысын ұстады. Тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде травматикалық тапанша, сондай - ақ зорлық-зомбылық көрсету арқылы жәбірленушіден алған ақшалай қаражат тәркіленді", - деп хабарлады ПД.
"Қылмыстық кодекстің 194-бабы "Бопсалау" бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтер жарияланбайды", - деп қосты облыстың ПД баспасөз қызметі.