Қожамжаровтың әпкесі қызметінен кетіпті
Дария Пернешқызы қызметтен кетті
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 61 жастағы ректоры профессор Дария Пернешқызы Қожамжарова зейнет жасына толуына байланысты қызметінен кетті,-деп хабарлайды newsroom.kz.
Ол осы қызметке 2018 жылдың мамыр айында тағайындалған еді.
Аталмыш арнаның жазуынша, Дария Пернешқызы - Қаржы полициясының бұрынғы басшысы, ҚК хатшысы, Ақмола облысының әкімі, Бас прокурор және сенатор Қайрат Қожамжаровтың әпкесі көрінеді.
Ол сондай-ақ, тарих ғылымдарының докторы және профессор екен.