Жаңа жылдан бастап қалмақтар да айлықты көтеріп жатыр

Қалмақияда ай сайынғы жәрдемақы мөлшерлері өспекші

Фото: vesti-kalmykia.ru

Қалмақияда зейнетақы мөлшері, жүкті әйелдер мен балаларға арналған бірыңғай жәрдемақы, бірінші балаға ай сайынғы жәрдемақы көлемі өспекші,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы vesti-kalmykia.ru-ға сілтеме жасап.

Жұмыс істемейтін зейнеткерлерге берілетін зейнетақы 7,5% - ға артады екен. Орташа алғанда, өсім бір жарым мың рубльді құрайды.

Сонымен қатар, қаңтардан бастап Қалмақия балаларына арналған жәрдемақылардың орташа деңгейі өседі.

Ал, жүкті әйелдерге арналған Бірыңғай жәрдемақы қаңтардан бастап шамамен 8-ден 17 мың рубльге дейін болады, балаларға арналған Бірыңғай жәрдемақы 7,5% - ға өседі және 7,5-тен 15 мың рубльге дейін өсетін көрінеді.

 

Жүктелуде...