Жаңа жыл түні Атырауда "Family" көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті өртенді, деп хабарлайды newsroom.kz.
Atyrau Online телеграм-арнасының мәліметінше, оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер жетіп, үй тұрғындары эвакуацияланып, айнала қоршауға алынды.
Кейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев оқиғаның мән-жайын айтып берді.
"Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Себептері анықталатын болады. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына отшашу себеп болған", - деді Бисембиев.