Қазақстанда жаңа жыл қарсаңында 200-ге жуық сәби дүниеге келді
Қазақстанда жаңа жыл қарсаңында 200-ге жуық сәби дүниеге келді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жаңа жыл қарсаңында республиканың перзентханаларында 191 сәби, оның үшінде 101 ұл және 90 қыз дүниеге келді", - делінген хабарламада.
Мереке түнінде туған нәрестелердің ең көбі Түркістан облысында – 38 бала, екінші орында-Шымкент қаласында 23 бала, және Алматыда 22 отбасында сәби дүние есігін ашты.
"Республика астанасында Жаңа жыл қарсаңында 10 бала дүниеге келді", - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.