Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жаңа 4 аудан құрылмақ

Тоқаев жарлыққа қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысында Үлкен Нарын, Марқакөл аудандарын, Абай облысында Мақаншы, Жаңасемей аудандарын құру туралы Жарлыққа қол қойды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тоқаев Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында:

“Қатон-Қарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы негізгі шешімді қабылдадым”,– деп айтқан болатын.

Сонымен қатар, бұл – шекаралас аудандардың дамыуына, әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеруге, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға тың серпін беретін шешім.

“Бұл – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан қарасақ та, өте маңызды мәселе”, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.