Шоубиз

Шипасын берсін! Жахан белгісіз сырқатпен ауырып қалыпты

Белгілі актер Жахан Отарғалиев соңғы айларда ауырып жүргенін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Әлеуметтік желісінде актер қалың жейдесін осы ауруын жасыру үшін кигенін жазды.

Соңғы айларда денсаулығым сыр бере бастады. Бұл дертіме Қазақстаннан да, Қытайдан да ем таба алмадым. Дәл қазір қолдарым ісіп кеткендіктен қасық ұстай алмайтындай болып отырмын. Не үшін, қалай пайда болғанын түсінбедім. Осыған байланысты барлық жұмыстарымды тоқтаттым. Енді осы аурудың емін іздеп Ыстамбұлға бара жатырмын,  - деп жазды актер.