Жаңалықтар

Қытайдың белгілі әуе компаниясы Алматыдан Бейжіңге рейс ашпақшы

2024 жылдың 25 қаңтарынан бастап China Southern Airlines әуекомпаниясы Бейжің- Алматы бағытында тұрақты жолаушылар рейсін ашады,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша Airbus-А320 типіндегі ұшақтар аптасына үш рет - сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұшатын болады.

China Southern Airlines Қытайдың ең ірі әуекомпанияларының үштігінде, флот көлемі бойынша Азиядағы ең үлкен әуе тасымалдаушысы және жолаушылар тасымалы көлемі бойынша әлемде 6-шы орында.