“Назарбаев мемлекеттік істерге араласпайды” Қошанов “қос билік” туралы сұраққа жауап берді
Ерлан Қошанов Қазақстандағы “Қос билік” туралы сұраққа жауап берді
Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстандағы қос билік жөнінде айтты,-деп хабарлайды newsroom.kz.
Журналист мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановқа "құрылып жатқан жаңа Қазақстан мен ескі Қазақстан арасында текетірес жүріп жатыр ма" деген сұрақ қойды.
Бұған себеп - экс-президент Назарбаевтың Астана клубы жиынын өткізуі және Ресей президенті Путинмен кездесуі екен.
Ерлан Қошанов халықтың бұған алаңдауына ешқандай себеп жоқ екенін айтты.
“Халықтың да сіздің алаңдауыңызға негіз жоқ. Бірінші кезекте ешбір қос билік бүгінгі күнде жоқ, ол болуы да мүмкін емес. Барлық шешімдерді халық сайлаған Қасым-Жомарт Кемелұлы қабылдап отыр.
Экс-президент мемлекеттік істерге ешбір араласпайды. Екіншіден, өткізіп жатқан жиыны мен кездесулері оның азаматтық құқығын пайдаланып жатқан кездесулері,-деп жауап берді Қошанов.