Қостанай облысында боран кезінде әжесі мен немересі жоғалып кетті
Қостанайда боран кезінде әжесі мен немересі жоғалып кетіпті
Қостанай облысында қарт кісі мен немересі боран кезінде жоғалып кетті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланған. Степной елдімекенінде кеше 58 жастағы әйел мен 11 жастағы қыз Тобыл қаласын бетке алып, жолай өтіп бара жатқан көлікті «тоқтатып мінеміз» деп сағат 07.00 шамасында үйден шығып кеткен. Содан бері жолаушылардан хабар жоқ,
Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі іздеу-құтқару жұмысына еріктілер, полиция, әкімдік қызметкерлері мен құтқарушылар жұмылдырылғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.