Қазақ даласындағы қираудан аман қалған бекініс-мұнараның бүгінгі жағдайы қандай?

Ақбикеш қарауыл мұнарасы көмекке мұқтаж

фейсбук: Мақсат Қарғабай

Қазақстан Республикасы, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваға Журналист Мақсат Қарғабай Ақсүмбе ауылындағы Ақбикеш қарауыл мұнарасының айналасын абаттандыруға көмек сұрап, хат жолдады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Созақ ауданындағы мемлекеттің бақылауында тұрған киелі орынның бірі қоғам және мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожановтың кіндік қаны тамған Ақсүмбе ауылындағы Ақбикеш қарауыл мұнарасы екен. Бүгінде Ақбикеш мұнарасының түбінде «Бұл орын мемлекеттің қамқорлығында» деген тақтайша ілінгеніне бірнеше жылға жуықтапты.

Бұл мұнара Ұлы Жібек жолы бойындағы қасиетті орын болуымен қатар, сыртқы жаулардан ел мен жерді қорғайтын Қазақстан жерінде қираудан аман қалған жалғыз бекініс-қарауыл осы болып тұрған көрінеді. Сол себепті де Мақсат Қарғанбай Ақбикеш мұнарасын сақтап қалу үшін, шырылдап басшылар тарапына хат жазып, басылымдарға елдің жан айқайын жариялап жүрген көрінеді.

"ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапының қолдауымен "Ақбикеш" мұнарасы 2019 жылы 30 мамырдағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің №156 бұйрығымен республикалық дәрежедегі ескерткіштер тізіміне енгізілді. Содан 2019 жылы 23 сәуірде екі жақты келсім шарт түзіліп қайта жаңарту жұмысын бастаған екен",-дейді журналист.

Тапсырыс беруші «Ақбикеш мұнарасы» қоғамдық қоры (қоғамдық қордың басшысы Орынбасар Орынбаев). Жобасын ұйымдастырушы «Қазреставрация» ғылыми зерттеу және жобалау мемлекеттік мекемесі болған. Ал,қаржылай қолдау көрсеткен «Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 млн 500 мың теңге қаржы аударыпты.

"Қайта қалпына келтіру жұмыстарына тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі екен. Жұмыс жасаушы мекеме «Қазреставрация» ғылыми зерттеу және жобалау мемлекеттік мекемесінің Қызылорда филиалы болатын. Сол жылы мұнараны айнала көтеріп қалап жатқан құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Құрылыс жұмыстарына сырттан төрт адам, Ақсүмбе ауылынан екі жергілікті азаматтар қол ұштарын созды. 2019 жылы «Қазреставрация» ғылыми зерттеу және жобалау мемлекеттік мекемесі Қызылорда филиалы Ақбикеш кесенесіне жөндеу жұмыстарын жүргізді.",- дейді журналист.

Алда тұрған міндеттің бірі тарихи жәдігердің айналасын абаттандыру, жарықтандыру және көгалдандыру-көріктендіру, төменнен мұнара басына шығатын баспалдақ орнатылса құба құп болар еді дейді журналист.

"Бұл тұрғыда тиісті жұмыстар жалғасын тапса дейміз. Ақбикештің түнгі сәулетін айшықтандыра түсетін айнала жарықтандыру аса қажет. Өйткені тарихи кешен болған соң мұнда түнделетіп өтіп бара жатқан қонақтар, арнайы зиярат етіп түнде келетін меймандар үшін зор пайдалы іс болар еді. Бұл жұмыстарды мәдениет министрлігінің рұқсатынсыз жүзеге асыра алмайды екенбіз. Алайда мұнара маңайын жарықтандырып, оған жаяу адамдар шығу үшін баспалдақ міндетті түрде керек. Одан кейін маңайын шаң-топырақ қылмай көгалдап, көріктендіріп қойсақ мәдениетімізге үйлесім табар еді?

Бұл тек менің жеке ұсынысым, үнім емес. Ақбикеш мұнарасы тұрған ауыл халқының ішінен бас көтерер азаматтары келіп Сізге хат жолдауымды өтінді. Сізді ұлттық рухымыздың мәйегі салт-дәстүрімізді, әдеп-ғұрпымызды құрмет тұтатын елжанды азамат, мәдениетіміз бен өнеріміздің қайраткері, шын жанашыры ретінде жақсы білетіндіктен сіздің осы мәселеге оң көзқараста ықпал етуіңізді сұранамыз,- деп жазды Мақсат Қарғабай.

 

Жүктелуде...