Иманды болсын! "Қазақмыс" кенішінде бір жұмысшы қаза болды
Ұлытау облысында кеніш жұмысшысы қаза болды
"Қазақмыс" компаниясы 26 желтоқсанда Ұлытау облысындағы "Жыланды" кенішінде бір жұмысшы қаза болғанын айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
"Шығыс Сары-Оба" кеніші учаскелерінің бірінде жүргізуші жерастында өздігінен жүретін машинаны жұмыс орнына алып бара жатып, 1992 жылы туған жүргізушіні абайсызда қағып кеткен. Жұмысшы алған жарақаттан қайтыс болды" деп жазылған компания хабарламасында.
Арнайы комиссия оқиғаның жай-жапсары мен себептерін анықтап жатыр екен.
Бұған дейін, қараша айында "Қазақмыс" компаниясының Жамбыл облысындағы "Жайсан" кенішінде тау-кен жұмыстарын атқару кезінде болған жазатайым оқиғадан екі жұмысшы қаза болған.
"Қазақмыс" компаниясы табиғи ресурстарын қазу және қайта өндірумен айналысады. Компания құрамында геологиялық-барлау кешені, 13 кен, төрт кен байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты, екі көмір кені және бір отын-энергетика кешені кіреді.
"Қазақмыс" концентратта мыс шығару бойынша әлемде 20-орынды (271 мың тонна) және катодты мыс өндіру бойынша 12-орынды (тиісінше алыс-беріс шикізатын ескере отырып, тиісінше 377 және 365 мың тонна) алады.
2020 жылы "Қазақмыс" Тобының қосқан үлесі Қазақстан Республикасына күміс өндіруші елдердің әлемдік рейтингінде 11-орында тұруға мүмкіндік берді (279 тонна, елдегі жалпы өндірістің 51%).
Электр энергиясын өндіру бойынша топ 2020 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 7 267,53 млн кВт/сағ болатын Қазақстанда 3 орын алады.