Жаңалықтар

Дубайлық шейх Қазақстанға демалуға келді

Алматыға Дубайдан блогер достар қыдырып келді,-деп хабарлайды newsroom.kz.

Олардың әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған миллиондаған оқырмандары, көптеген көлігі мен қаржысы бар миллионерлер екені әлеуметтік желі әлеміне белгілі.

Жігіттер Алматының ауа-райына, қары мен тауларына қызығып, қуанды. Шейхтер таудағы "Oi-Qaragai" маусымдық курортында тоқтады.

Мұндай жарнамадан кейін БАӘ тұрғындары Қазақстанға демалуға ағылуы әбден мүмкін.

 Желі қолданушылары шетелдіктерді қолдап, жылы сөздерін жаудыруда.

“Сендер менің Отанымдасыңдар!”, “Қазақстанға қош келдіңіздер! Деген сияқты жылы пікірлер блогерлердің постының астына жазылуда.