PR.news

Қазақстандағы PR байқауының қазылар алқасы белгілі болды

PR конкурсының қазылар алқасы кім екендігі жарияланды

Қазақстандағы PR-ды (public relations) дамыту мақсатында ұйымдастырылған конкурстың қазылар алқасы белгілі болды,-деп хабарлайды newsroom.kz.

PR-мамандар арасындағы байқаудың қазылар алқасының мүшелері бойынша көптеген сұраулар келіп түседі. Әр бағыт бойынша мамандарды таңдалды.

Сонымен қазылар алқасында:

Әсем Нұрғалиева,"Қазпошта" АҚ Басқарушы директоры

Айнұр Жұмаділова, ҚР Ұлттық Банкі Ақпарат және коммуникациялар департаменті директорының орынбасары 

Рысты Әлібекова, Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының (АММК)баспасөз хатшысы

Әсел Әлімхановa, Halyk fond атқарушы директоры

Айнұр Байғожа, "Полиметалл Еуразия"алтын өндіруші компаниясының баспасөз қызметінің басшысы, 

Гаухар Абеуова, "Алтыналмас"АҚ сыртқы коммуникациялар жөніндегі өкілі

Олжас Беркінбаев, newsroom.kz сайтының негізін қалаушы 

 Аян Төлеген, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің басшысы

Эльнара Байназарова, БҰҰ-ның ҚР-дағы баспасөз және коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі.

Қазылар алқасы 5 үздік жұмысты таңдап алып, оларды мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттайтын болады. Конкурс нәтижесі 15 қаңтар күні белгілі болады.

Байқаудың шартын біздің сайттан оқи аласыздар.