Жаңа қызметке тағайындалған Мәди Ахметов желіге не жазды?
Жаңа қызметке тағайындалған Мәди Ахметов желіге не жазды?
Мәди Ахметов жаңа лауазымға тағайындалғаннан кейін желіге жазба қалдырды,-деп хабарлайды newsroom.kz.
Қадірлі достар!
Бүгіннен бастап Алматы облысы Жастар саясаты басқарма басшысы қызметіне кірістім. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік.
Өз жұмысымда өңір жастарының әлеуметтенуіне, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бар күшімді салатын боламын.
Алда атқарар ортақ ісіміз баянды болсын!, - деп жазды экс-депутат.
Естеріңізге салайық, бұрынғы Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып тағайындалғаны туралы жаңалық кеше-бүгін Қазнетте қызу талқыланып жатқан жаңалықтардың бірі болуда.