Мәскеу соты "Слово пацана" сериялындағы эпизодтық рөл ойнаған актер Сергей Базановты қамауға алды, - деп хабарлайды newsroom.kz.
Мәскеу қаласының Замоскворецкий аудандық соты 2011 жылы орын алған кісі өліміне күдікті деп Сергей Юрьевич Базановты қамауға алды.
Базановқа "ұйымдасқан топ болып, қасақана кісі өлтіру" тармағы бойынша айып тағылды.
"Сот бұлтартпау шарасын 2024 жылдың 20 ақпанына дейін 2 ай қамауда ұстау түрінде қабылдады", - делінген Мәскеу сотының хабарламасында.
БАҚ-тың хабарлауынша, Базанов құрамында болған қылмыстық топ, кәсіпкер Забиевке шабуыл жасап, одан 900 мың доллары бар сөмкені тартып алмақ болған, бірақ кәсіпкер қарсылық көрсеткен. Артынша шабуылдаушылар оның басынан мылтықпен жаралап, ақшаны ұрлап, қашып кеткен көрінеді.
Сергей Базанов "Слово пацана" сериалында "Универсам" тобының мүшесі Демидтің рөлін ойнаған.