"Құр мақтаннан аса алмай жатырмыз": Отандық спортшылардың дайындығы неге бәсеңдеді?

Белгілі журналист спортшыларымыздығ дайындығының азайып кеткенін айтты

фото: tengrinews.kz

Журналист Аслан Каженов жыл соңындағы спортшылардың дайындығының бәсеңдеп кеткенін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы. Журналист өз жазбасында спортшыларымыздың өмірінде сапалы дайындықтан гөрі салтанатты жиындардың көбейіп кеткенін тілге тиек етті.

"Құр мақтаннан аса алмай жатырмыз...

Жылдың аяғында қорытынды жиын көбейді. Бірақ, өкініштісі, барлығы - марапаттау, барлығы – мадақтау. Осы бір ай бойы салтанатты жиындардан шықпай жүрген спортшыларды білемін. Кәдімгі ұлттық команданың үздіктері. Дайындық қайда? Мотивация қайда? Париж олимпиадасы не болып жатыр? Пофиг.

Әрине, мақтай берген кім-кімге де ұнайды. Одан кейін мастана бастайды. Расымен де, меннен басқа ешкім жоқ деген ой келеді. Соған тойынып қалады. Сосын әлемдік аламандарда неге жеңіледі деп таңқалып отырамыз. Неге жеңіледі демекші… Жыл соңында отандық спорттағы проблемаларды тізбелеп, олардың шешу жолдарын айтып, осы бағытта есеп беріп жатқан шенеунікті де көрмедік. Олар да сол мақтаудан және сыйлық таратудан қолы тимей жатыр. Соған мәзбір, әйтеуір",- деп жазды журналист.

Сондай-ақ, биылдыққа отандық спортта күрделі өзгерістің де бола қоймаған көрінеді.

"Ашығын айту керек, 2023 жылы отандық спорттың жүйесінде күрделі өзгерістер бола қойған жоқ. Әсіресе, бұрыннан қордаланған жағдайларды кешенді түрде реттейтін қадамдар жасалмады. Сол әуелгі накатпен келе жатырмыз және кете де береміз. Үміт болды. Біраз мәселені көтердік. Әттең, нәтиже шамалы. Десе де, бізге пофиг емес. Ары қарай сол қарқында жалғыстарымыз. Күндердің күнінде бір несі нетілер...",- деп жазды Аслан Каженов.

Жүктелуде...