Жаңалықтар

Бишімбаевтың әкесі белгілі журналист Борейконы сотқа беріпті

Қуандық Бишімбаевтың әкесі журналистерді сотқа бермекші

Қуандық Бишімбаевтың әкесі ұлы туралы жазған БАҚ өкілдеріне қарсы арыз жазды,- деп хабарлайды newsroom.kz сайты protenge телеграм арнасына сілтеме жасап.

Журналист Вадим Борейко өзінің телеграм-каналында жұма күні үйіне учаскелік қызметкер келіп, "Қуандықтың әкесі – Уәлихан Бишімбаев маған, сондай-ақ бірнеше журналиске, блогерлерге және бүкіл БАҚ-қа ішкі істер министрі Ержан Сәденовке арыз жазғанын" айтты.

 Арыздың себебі - Нүкенованың өліміне күдікті жауапкершіліктен сытылып кетуі мүмкін екендігі туралы журналистің болжамы болған көрінеді. 

Атап айтқанда, журналист өзінің YouTube-тегі ролигінде Қуандық Бишімбаевты қылмыс жасаған сәтте оның есі дұрыс еместігіне сүйене отырып, қылмыстық жауаптылықтан алшақтатуға тырысады деп болжаған.

"Уалихан Бишімбаев бұл сөздерді ұлын, бүкіл отбасын, сондай-ақ психиатр - сарапшыларды көпшілік алдында қорлау деп санады", - деп атап өтті Вадим Борейко.