Елорда да жаңадан 15 Оқушылар сарайы ашылмақ
Астанада 2029 жылға дейін 15 Оқушылар сарайын салу жоспарланып отыр.
Олардың бір бөлігінде бассейндер де болмақ. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
Олардың ішінде 5-еуінің құрылысы келер жылы басталады. Оқушылар сарайы елорданың барлық ауданында орналасады.
Қазір жобалық жұмыс істеліп жатыр.
Жаңадан ашылатын 5 Оқушылар сарайы қайда орналасады:
- Сарыарқа ауданы, Ақан сері және С-189 көшелері (Земляничная);
- Алматы ауданы, Төлебаев және Бурабай көшелері;
- Байқоңыр ауданы, Тайбурыл және Игілік көшелері;
- Есіл ауданы, Түркістан және Бұқар Жырау көшелері;
- Нұра ауданы, Айтматов және Мұхамедханов көшелері.